Қазақстанның алғашқы Денсаулық елшісі бокстан ТМД чемпионы атанды

0
1 001

Қазақстандық боксшы алғашқы үш минутта-ақ нокаутпен жеңіске жетті


Қазақстанның алғашқы Денсаулық елшісі бокстан ТМД чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кешінде әнші, Қазақстанның алғашқы Денсаулық елшісі Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді, деп жазады baq.kz.

Ибрагим Ескендір әзірбайжандық Анар Абдуллаевпен шаршы алаңға шығып, 90,7 кг ауыр салмақта Pro Box нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулына таласқан болатын. 10 раундқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшы алғашқы үш минутта-ақ нокаутпен жеңіске жетті.

Елге жеңіспен оралған кәсіби боксшы жеңісін Тәуелсіздік мерекесіне арнағанын атап өтті.

«Тәуелсіздік қарсаңында рингке шыққан мен үшін ерекше рух берді. Ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін күрескен, бүгінгі Қазақстанның ұрпағы Тәуелсіздікті сақтап қалумен күресуіміз керек. Ол өнер, спорт, ғылым жолы болуы мүмкін. Әрбір қазақтың баласы ту көтерсем деп армандайтын болса, біздің еліміз жаман болмайды», - деді боксшы.

«Көк тудың желбірегені» әнімен халыққа танылған Ибрагим Ескендір соңғы жылдары бокстан көрініп жүр. Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы алтыншы жекпе-жегі. Бұған дейін ол 5 жекпе-жекте де нокаут жасаған болатын.

Айта кетсек, қазан айында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің белгілі спортшылары, әншілерімен кездесу өткізіп, оларға «Денсаулық елшісі» атағын берген болатын. Олардың қатарында әнші, кәсіби боксшы Ибрагим Ескендір бар.