"Қазақтарды тізе бүктірем": Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы батыл мәлімдеме жасады

0
579

Мұның алдында ол қарсыласын бешбармаққа теңеп, "жеп қоямын" деп сес көрсеткен.


ERNUR.KZ. Анголалық файтер Манел Кап қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен UFC-дегі жекпе-жек алдында тым батыл мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

Мұның алдында ол қарсыласын бешбармаққа теңеп, "жеп қоямын" деп сес көрсеткен. Бұған Жалғас мұндай қорқытулар өтпейтінін айтып жауап берген еді.

Бірақ Кап мұны түсінбеген сияқты.

"Мына оң тізем қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсан қазақтарды тізеге отырғызамыз", - деп жазыпты Манел Instagram желісіне жаттығудағы суретін жария етіп.