Қазақтарды жақсы көремін. "Астанадан" кеткен Кабананга бізді мақтады

0
924

Кабананга енді Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайды.


Қазақтарды жақсы көремін.

ERNUR.KZ. "Астанадан" кеткен конголық шабуылшы Жуниор Кабананга өз жанкүйерлеріне арнап жылы сөз жазды, деп жазады Zakon.kz.

"Бір рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, үш рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде, Қазақстанда алты кубок, 2015 жылдан бері қолдау көрдім. “Астана” жанкүйерлері мен қазақстандықтарға алғысым шексіз", – деп француз тілінде жазған Кабананга өз постын қазақша аяқтапты:

“Астана” жүрегімде, мен сізді қазақтарды жақсы көремін, деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Кабананга енді Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнайды. Арабтар оны "Астанадан" екі миллион евроға сатып алған болатын.