Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды

0
1 380

Аталмыш қызметті бұған дейін Алмасадам Сатқалиев атқарған болатын


Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті болып сайланды

ERNUR.KZ. Белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар бойынша вице-президенті болып сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бокс федерациясының жаңа вице-президенті бүгін федерация жұмысының жылдық қорытындысына байланысты Астанада өткен жиында таныстырылды. Ал оған дейін аталмыш қызметті Алмасадам Сатқалиев атқарған болатын. Атап өтерлігі, 2018 жылы елімізде бірінші отандық бокс ұйымының құрылғанына тура 85 жыл толып отыр.

Бүгінгі жиында ҚБФ-ның атқарушы директоры Бекжан Бектенов атап өткендей, 2018 жылы бокстан ерлер ұлттық құрамасы 17 халықаралық турнирден өткен. 18-ші дәстүрлі - Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир осы айдың ортасына қарай өткізіледі.

Биылғы сайыстардың ең маңыздысы ретінде Қазақстан Президенті Кубогы мен Азия ойындарын атап өтуге болады. Астанада 5-10 маусым айларында өткен Қазақстан Президенті Кубогында 15 елдің боксшылары қатысқан. Қазақстан командасы ол турнирде 10 алтын медаль иеленді. Жакартада өткен Азия ойындарында Қазақстан боксшылары екі күміс медаль (Әбілқан Аманқұл мен Асланбек Шымбергенов) алды.