Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді

0
1 453

Іріктеу кезеңі 1 мамыр күні басталып, 9-17 мамыр күндері ойын өтеді.


Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді

ERNUR.KZ. Мамыр айында коронавирус пандемиясының кесірінен жарыстардың тоқтатылуына байланысты Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізуді қолға алды, деп жазады olympic.kz.

«Бірінші турнирге төрт ер және төрт әйел спортшы қатысуға шақырту алады. Іріктеу кезеңі 1 мамыр күні басталып, 9-17 мамыр күндері ойын өтеді. Жарыс жеңімпазы 1000 швейцариялық франк, ал жүлдегерге 500 швейцариялық франкке ие болады. Жарыс мобильді телефоннан тікелей эфирде түсіріліп, федерацияның YouTube каналы пен Facebook парақшаларында тікелей эфирде трансляция жасалады.

COVID-19 індетіне байланысты халықаралық федерация күнтізбесіндегі барлық жарыстар тоқтатылды. Қазіргі жағдайға қатысты садақ атудан физикалық тұрғыда шілдеге дейін ешқандай турнир болмайды», - делінген World Archery хатында.