Хорватия автоголдың арқасында әлем чемпионатына жолдама алды

0
649

Хорватияның Сплит қаласында Ресейді қабылдаған "шақпақ жейделілер" 1:0 есебімен жеңіске жетті.


Хорватия автоголдың арқасында әлем чемпионатына жолдама алды

ERNUR.KZ. Футболдан Хорватия құрамасы ӘЧ-2022 турнирінің финалдық кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz.

Хорватияның Сплит қаласында Ресейді қабылдаған "шақпақ жейделілер" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Оның өзінде кездесу барысында хорваттар қарсылас қақпасына 19 соққы жасағанына қарамастан, Матвей Сафонов ұшқан доптың бәрін қайтарып жатты. Тек 81 минутта қорғаушы Федор Кудряшов өз қақпасына гол өткізіп алды.

Нәтижесінде Н тобында Хорватия іріктеу турнирін 23 ұпаймен бірінші орынмен аяқтаса, Ресей 22 баллмен екінші сатыға жайғасты. Енді Валерий Карпиннің жігіттері Катардағы футбол тойына бару үшін қосымша квалификациядан өтуі тиіс.