​Хорватияның барлық футболшылары ӘЧ-нан алған табыстарын қайырымдылыққа берді

0
1 330

Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Хорватияға ФИФА 28 млн доллар сыйақы беретінін хабарланған болатын.


​Хорватияның барлық футболшылары ӘЧ-нан алған табыстарын қайырымдылыққа берді

ERNUR.KZ.Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының барлық ойыншысы Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатынан алған бүкіл сыйақысын Балаларға көмек қорына табыс етеді. Бұл туралы Фейсбукте команда бас бапкері Златко Далич мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрама команда және барлық ойыншылар Әлем чемпионатынан алған ақшалай сыйақыларының барлығын Хорватияның балаларға көмек арнайы қорына табыстайды. Бұл қор Хорватияның өмірінде Адриат теңізін көрмеген әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын теңіз жағасында өткізуін қаржыландырады (...)Хорват балалары ең болмағанда жеті күн теңіз жағасында демалу мүмкіндігіне ие. Бұл - футболшылардың балалар үшін істей алатын амалдарының бірі. Хорватияның барша азаматтарына Әлем чемпионы титулын елге әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз деп уәде береміз», - деп жазды Златко Далич.

Айта кетейік, Хорватия Балқан түбегінде орналасқан ел. Батысы мен оңтүстік-батысында Адриат теңізімен шектеседі.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Хорватияға ФИФА 28 млн доллар сыйақы беретінін хабарлағанған болатын. Францияға қарсы өткен финалдық ойын қарсаңында Хорватияның жартылай қорғаушысы Анте Ребич өз ауылдастарының барлығының несиесін жауып берген еді.