Килиан Мбаппе әлем рекордының иесі атанды

0
499

Плей-офф кезеңінің Польшаға қарсы өткізген матчында дубль жасаған Мбаппе әлем чемпионаттарында 24 жасқа дейінгі футболшылар арасында сегіз гол соққан тұңғыш футболшы атанды.


Килиан Мбаппе әлем рекордының иесі атанды

ERNUR.KZ. Футболдан Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемнің жаңа рекордының иегері атанды, деп жазады vesti.kz.

Плей-офф кезеңінің Польшаға қарсы өткізген матчында дубль жасаған Мбаппе әлем чемпионаттарында 24 жасқа дейінгі футболшылар арасында сегіз гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Қазір 23 жастағы спортшының еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 9 гол бар, оның бесеуін ол биылғы әлем біріншілігінде соққан. Бүгінде ол - турнирдің үздік сұрмергені.

Франция құрамасы Польшаны 3:1 есебімен жеңгенін және ширек финалда Англия құрамасымен кездесетінін еске сала кетейік.