Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

0
1 326

Ол дубль жасап командасын жеңіске жеткізді.


Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп жазады kaz.vesti.kz.

Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы мюнхендік "Баварияға" қарсы матчте (3:2) франциялық ойыншы дубль жасады.

Осылайша, Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 және 1/4 финалының сырт алаңдағы ойында бес гол салған бірінші футболшы болып отыр.

Чемпиондар лигасындағы ПСЖ - "Бавария" командаларының қарымта кездесуі 13 сәуір Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтеді.