Килиан Мбаппе өзін "жұлдыз" санайтынын мәлімдеді

0
881

Мбаппе Франция құрамасының сапында 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды.


Килиан Мбаппе өзін

ERNUR.KZ. "Пари-Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе өзін "жұлдыз" санайды, деп жазады Vesti.kz.

"Өзімді жұлдыз санаймын ба? Ия, санаймын. Бүкіл әдемде бір адамның суреті жарияланып жатса, әрине жұлдыз деп айтуға болады. Дегенмен, жұлдыз екен деп саған футбол алаңында ешкім артықшылық бермейді. Өзіңнің мықты екеніңді әрдайым дәлелдеп отыруың керексің", - дейді әлем чемпионы.

Еске салайық, Мбаппе Франция құрамасының сапында 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанды. Сонымен қатар, сол турнирдің ең жас үздік ойыншысы атанды.