Килиан Мбаппенің орнын басатын футболшы тапты

0
758

Франциялық "Пари Сен-Жермен" футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппе командадан кеткен жағдайда оның орнын басатын ойыншы іздеуде


Килиан Мбаппенің орнын басатын футболшы тапты

ERNUR.KZ. Париждіктер қазіргі таңда "Ред Булл Зальцбург" футболшысы Карим Адейемиге көз тігіп отыр екен, деп жазады vesti.kz.

Мұның алдында Каримге "Бавария", дортмундтық "Боруссия", "РБ Лейпциг" пен "Ливерпуль" қызығып отырғаны хабарланған.

Осы маусымда Карим Адейеми "РБ Зальцбург" үшін 18 матчте 14 гол салған және бір нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін жасалған.