Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

0
678

Қазіргі таңда үстел теннисінен Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарына екі жолдама бар.


Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада лицензиясының иегері атанды, деп жазады Olympic.kz.

Бұл Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) әлемдік рейтингіндегі позицияларға сәйкес квоталар бөлінгеннен кейін белгілі болды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда үстел теннисінен Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарына екі жолдама бар. Осыған дейін Анастасия Лаврова Орталық Азия аймағының іріктеу жарысында топ жарып, Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болатын.