Көгалдағы хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу турнирінде екі қарсыласын жеңді

0
684

Бірінші матчта Қазақстан құрамасы турнир иесі Индонезияны жеңді.


Көгалдағы хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу турнирінде екі қарсыласын жеңді

ERNUR.KZ. Индонезияның астанасы Джакартада әйелдер арасында көгалдағы хоккейден іріктеу турнирі басталды, деп жазады olympic.kz.

Бұл турнирде қазақстандықтар Сингапур, Гонконг (Қытай), Шри-Ланка, Камбоджа, Өзбекстан, Индонезия құрамаларымен бірге Азия ойындарына жолдама үшін күреседі.

Бірінші матчта Қазақстан құрамасы турнир иесі Индонезияны жеңді. Есеп-1:0.

Келесі кездесу өзбекстандық қыздармен өтті. Тағы да жеңіс - 2:0.

Айта кетерлігі, турнир 14 маусымға дейін жалғасады.