Қол добынан "Қазығұрт" ерлер командасы чемпион атанды

0
1 396

​10 - 15 наурыз аралығында Шымкенттегі «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» кешенінде қол добынан Қазақстан чемпионатының 4 - кезеңі өтті. 26 - рет ұйымдастырылған суперлигада Шымкенттің "Қазығұрт" командасы чемпион атанды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Қол добынан

10 - 15 наурыз аралығында Шымкенттегі «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» кешенінде қол добынан Қазақстан чемпионатының 4 - кезеңі өтті. 26 - рет ұйымдастырылған суперлигада Шымкенттің "Қазығұрт" командасы чемпион атанды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ел чемпионатында ерлер мен қыздар командалары бақ сынады.

Жартылай финалда "Қазығұрт" командасы "Астананы" 32:23 есебімен жеңді. Ал, Ақтөбе қаласының "Казхром" ұжымы Ақтөбе облысының "Намыс" клубына 25:29 есебімен есе жіберді.

Ақтық сында "Қазығұрт" Ақтөбенің "Казхром" ұжымына қарсы алаңға шықты. Матч басынан ақтөбеліктер жылдам гол соқты. Бірақ, өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан "Қазығұрт" командасы 4 ұпай басымдығымен жеңіске жетті. Жалпы есеп: 25:21. Сөйтіп, "шымкенттік ұжым 38 ұпаймен мерзімінен бұрын қатарынан 3 - рет ел чемпионы атанды.

Чемпионаттың 5 - кезеңі мамыр айында Алматы қаласында өтеді.

Айта кетсек, Шымкенттің қыздар командасы да жоғары деңгейде ойын көрсетті. Бірақ, олар 4 - кезеңнен соң 4 - орынды иеленіп тұр. 5 - кезең матчтары сәуір айында өтеді.