Конор Макгрегор: Хабибпен реванш өткізу үшін оралуға дайынмын

0
848

"Хабиб бірінші раунд бойы менен қашып жүрді, сосын аяққа жармасып күрес тәсілін қолданды", - дейді Конор.


Конор Макгрегор: Хабибпен реванш өткізу үшін оралуға дайынмын

Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен өткен жекпе-жегіндегі жеңілісін еске алып, қандай қателік жібергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаттығу процесі дұрыс болмады. Сондай-ақ, Хабиб бірінші раунд бойы менен қашып жүрді, сосын аяққа жармасып күрес тәсілін қолданды.
Соққы жасаған да жоқ. Ол октагон ішінде менімен сөйлескенін айтты, бірақ мен оның сыбырлағанын да естімедім.
"Сол жекпе-жектен көп тәжірибе алдым, және онымен реванш өткізу үшін қайта оралуға дайынмын", – деп мәлімдеді Конор Макгрегор.
Еске сала кетейік, екі спортшы арасындағы кездесу 2018 жылдың қазан айында өткен болатын. Жекпе-жектің 4-ші раундында Хабиб Нурмагамедов қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.