Конор Макгрегор коронавируспен күреске бір млн еуро бөлді

0
526

Спортшы вирустан ең көп зардап шеккен аймаққа қаржы бөлген.


Конор Макгрегор коронавируспен күреске бір млн еуро бөлді

ERNUR.KZ. Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор короновирустық инфекциямен күресу үшін Ленстер провинциясындағы (Ирландия) ауруханаларға 1 миллион еуро бөлді, деп хабарлайды Хабар24.

Спортшының айтуынша, аталған аймақ вирустан ең көп зардап шеккен. Сондықтан дәрігерлерге науқастарды емдеу үшін қосымша құралдар қажет.

Бұған дейін МакГрегор коронавируспен күресуге және шекараларды толығымен жабуға шақырып, мәлімдеме жасаған болатын.