Конституция күні: Журналистер футболдан сынға түсіп жатыр

0
833

Турнирдің ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова келді.


Конституция күні: Журналистер футболдан сынға түсіп жатыр

ERNUR.KZ. «Астана-Аренада» журналистер Президент жүлдесі үшін шағын футболдан өзара мықтыны анықтауда, деп жазады ҚазАқпарат.

БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған. Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту болып отыр.

Турнирдің ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.

«Бүгін елордамыз Нұр-Сұлтанда алғаш рет шағын футболдан ҚР Президентінің кубогі ашылып жатыр. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатысуда. Жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай ақ арнайы номинациялар бойынша үздік атанған ойыншылар үшін қаржылай сыйлық бар.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы турнирдің өтуіне қолдау көрсетуде. Елбасымыз да бұқаралық спортты дамытуды басты назарға алып келеді. Бұқаралық спорт бұқаралық ақпарат өкілдері арқылы насихаттала берсін», - деді Берік Уәли.

Шағын футболдан өтіп жатқан турнирге Ақмешіт, Жетісу ТДК, НГС, Баспасөз Президент, Еуразия ОРТ, ҚазСпорт, Хабар24, Қазақньюс, Қызылжар, Қазмедиа, Спорт 59, Өскемен, Тараз, Хабар, Түркістан, Айқын Литер, Егемен Қазақстан, Ел Арна, Шымкент, Атамекен, Қазақ радиолары, QSport, Елорда Ақпарат, Апорт, Орал сынды командалар қатысуда.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 3 500 000 теңге. 1 орын иегерлеріне 1 500 000 теңге, 2 орынға 700 000 теңге, 3 орынға 300 000 теңге беріледі. Сонымен қатар, үздік ойыншылар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.