Коронавирус: Мароккода дзюдодан әлемдік Гран-при өтпейтін болды

0
843

Байрақты додаға Қазақстан құрамасынан 15 спортшы баруы тиіс еді.


Коронавирус: Мароккода дзюдодан әлемдік Гран-при өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Марокко астанасы Рабатта дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлауынша, Марокко үкіметі коронавирус эпидемиясының таралуының алдын алу мақсатында барлық қоғамдық іс-шаралар мен спорттық шаралардың өткізілуін уақытша тоқтатты. Соның ішінде 6-8 наурыз күндері өтуі тиіс болған дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі бар. Аталған турнирге қатысу үшін әлемнің 94 елінен 561 дзюдошы тіркелген болатын.

Байрақты додаға Қазақстан құрамасынан 15 спортшы баруы тиіс еді.

Айта кетейік, кеше Марокконың Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында коронавирусты (COVID-19) жұқтырудың алғашқы жағдайы тәркелгенін мәлім еткен болатын.