ҚПЛ-ге көтерілген клуб барлық бапкерін жұмыстан босатты

0
676

Мұндай шешімнің себебі әлі белгісіз.


ҚПЛ-ге көтерілген клуб барлық бапкерін жұмыстан босатты

ERNUR.KZ. Марат Еслямов бастаған "Ақсу" клубының бапкерлік штабы толықтай орнынан босатылды, деп жазады vesti.kz.

Мұндай шешімнің себебі әлі белгісіз.

Еслямов команданы 2021 жылдың ақпанынан жаттықтырып келеді. Павлодар облысы клубының бапкерлері қатарында Виталий Вихлянов (бас бапкер көмекшісі), Вадим Бутенко (қақпашылар бапкері) және Расул Маруа (физикалық дайындық бапкері) болған.

Былтыр осы бапкерлер жетекшілігімен "Ақсу" үш жылдық тарихында алғаш рет премьер-лигаға шыққан еді.

Ал бірнеше күн бұрын клуб директоры Жанат Камалиев те орнын босатып, оның орнына Алихан Лесов тағайындалды.