Криштиану Роналду 12 жылдан кейін "Манчестерге" оралды

0
776

Ағылшын клубы ресми түрде 36 жастағы шабуылшымен келісімге келгенін хабарлады.


Криштиану Роналду 12 жылдан кейін

ERNUR.KZ. Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Англияның "Манчестер Юнайтед" клубына ауысты, деп жазады kaz.vesti.kz.

Ағылшын клубы ресми түрде 36 жастағы шабуылшымен келісімге келгенін хабарлады.
Роналду "Манчестер Юнайтед" клубында бұған дейін 2003-2009 жылдары ойнаған. Кейін 2009-2018 жылдары "Реал Мадрид" командасында доп тепті. Соңғы үш жылды Италияда өткізді.

Ол "Манчестер Юнайтедпен" Англия чемпионатын үш рет ұтқан. Екі рет лига кубогын, бір рет ел кубогын жеңнен. Сонымен қатар 2008 жылы Чемпиондар лигасында топ жарды.
Енді Роналду медициналық тексерістен өтуі тиіс.

Бұған дейін Криштиану "Манчестер Юнайтед" сапында жылына 25 миллион фунт алатыны хабарланған.

Ал трансфер құны 21.4 миллион фунтқа (25 миллион евро) бағаланып отыр. Ағылшын клубы Туриннің "Ювентус" осындай қаржы төлейді.

Роналду "Манчестер Юнайтед" клубында бұған дейін 2003-2009 жылдары ойнаған. Кейін 2009-2018 жылдары "Реал Мадрид" командасында доп тепті. Соңғы үш жылды Италияда өткізді.

Ол "Манчестер Юнайтедпен" Англия чемпионатын үш рет ұтқан. Екі рет лига кубогын, бір рет ел кубогын жеңнен. Сонымен қатар 2008 жылы Чемпиондар лигасында топ жарды