Криштиану Роналду байлығын кімге қалдырмақ

0
740

Португалиялық футболшының мүлігіне басты үміткер – сүйіктісі Джорджина Родригес болмақ.


Криштиану Роналду байлығын кімге қалдырмақ

ERNUR.KZ. Туриндік «Ювентустің» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өсиет хат жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оның мезгілсіз өмірден өтуі мүмкін жазатайым жағдайға арналып жасалып отыр.

Португалиялық футболшының мүлігіне басты үміткер – сүйіктісі Джорджина Родригес болмақ. Құжаттың ерекше тұстары да бар. Роналдудың барлық мүлкіне Джорджина ие болып қалғанымен оны анасы Мария Долорес Авейру басқаратын болады. Қазіргі таңда Роналдудың қаржылық қоры 300 миллион еуроға бағалануда. Португалиялық футболшы сүйіктісімен 2018 жылдың қараша айында некелескен еді.