Қуат Хамитов үлкен спортқа оралатынын мәлімдеді

0
426

Әлі де бес жыл жұдырықтасуға шамам келеді деп есептеймін - Қуат Хамитов.


Қуат Хамитов үлкен спортқа оралатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Қазақстандық белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов ММА-ге оралатынын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

"Қымбатты достар, үлкен спортқа оралатынымды ресми хабарлағым келеді!

Қазір жарақатым бар, бірақ, көзімдегі от өшкен жоқ, сондықтан айқасқа шығуға дайынмын. Әлі де бес жыл жұдырықтасуға шамам келеді деп есептеймін, осы себепті өзім үшін осындай шешім қабылдадым. Бұл оңай болған жоқ... Қолдау білдіргендерге тағы бір алғысымды айтамын, біз ораламыз", - деп жазған спортшы әлеуметтік желіде.