​«Құлагер» көкпар командасы - ел чемпионы!

0
4 317

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған көкпардың ақтық сайысы Түркістан облысының "Құлагер" командасы мен Жамбыл облысының көкпаршылары арасында өтті.


​«Құлагер» көкпар командасы - ел чемпионы!

ERNUR.KZ.28 маусым - 7 шілде аралығында Астанада көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған көкпардың ақтық сайысы Түркістан облысының "Құлагер" командасы мен Жамбыл облысының көкпаршылары арасында өтті. Тартысты өткен ойында "Құлагер" командасы жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.
"Құлагер" көкпар командасының құрамында Бақтыбай Шырынқұлов, Дәулет Айтан, Нұрмахан Омаров, Жорабек Ақбаев, Абылайхан Нышанбеков, Нұржігіт Мырзабаев Асыланбек Сайдулла, Темірхан Айтбаев, Нүркен Омаров Әділет Мамыт, Мейірбек Болысбек, Бәдібек Сабыров өнер көрсетті.
Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысы екінші орын, ал Маңғыстау облысының көкпар командасы үшінші орыннан көрінді.