Күтпеген нәтиже: Назым Қызайбай Әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды

0
572

Әлем чемпионатының бірінші айналымындағы Қызайбайдың қарсыласы Ингрит Валенсия болды. Коулмиялық боксшы 2016 жылы Риода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.


Күтпеген нәтиже: Назым Қызайбай Әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Түркияның Ыстамбул қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай өз кездесуін өткізіп, күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz.

Әлем чемпионатының бірінші айналымындағы Қызайбайдың қарсыласы Ингрит Валенсия болды. Коулмиялық боксшы 2016 жылы Риода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.

50 келіге дейінгі салмақта өткен бұл жекпе-жек Қызайбай үшін сәтсіз басталды. Отандасымыз бірінші раундтық қорытындысы бойынша жеңіліп қалды. Ал екінші раундтың қорытындысы бойынша Назым 3:2 есебімен үстем түсті. Үшінші раунда екі боксшы ашық айқасты көрсетті. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті колумбиялыққа берді. Сөйтіп Ингрит жалпы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қызайбай Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының бірінші айналымында жеңілген үшінші боксшы. Осыған дейін Аида Әбікеева мен Надежда Рябец те жеңіліп қалған болатын.