Қыздар арасындағы волейбол: Шығыстың «Алтайы» ел чемпионы атанды

0
1 519

Шығыстың «Алтайы» үш дүркін Қазақстан чемпионы атағын иеленді.


Қыздар арасындағы волейбол: Шығыстың «Алтайы» ел чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда қыздар арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық додада «Жетісу» командасымен үш күн бойы айқасқан «Алтай» ел чемпионы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бірінші кездесуде «Жетісу» командасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екінші күні «Алтай» командасы дәл осындай есеппен есе қайтарды. Екі күн нәтижесімен екі топ тең түскендіктен шешуші үшінші кездесу өткізді. Өскеменнің қыздары тартысты бәсекеде шебер ойын көрсетіп, жетісулықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша Шығыстың «Алтайы» үш дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Жалпы чемпионаттың финалдық плей-офф ойындарына төрт команда шыққан болатын. Олар Шығыс Қазақстан облысының «Алтай», «Алтай-2» командалары, Павлодар облысының «Ертіс Казхром» мен Алматы облысының «Жетісу» командалары. Чемпионат қортындысы бойынша «Алтай» - бірінші, «Жетісу» - екінші орынға, ал «Ертіс Казхром» «Алтай-2» командасын жеңіп, үшінші орынға ие болды.