«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енді

0
823

21 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасында 12 голдық пас берді.


«Ливерпуль» футболшысы Гиннестің рекордтар кітабына енді

ERNUR.KZ. «Ливерпуль» футбол клубының қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы GuinnessWorldRecords Тwitter-дегі парақшасында жарияланды,

2018/19 жылғы маусымда 21 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасында 12 голдық пас берді. Бұл – АПЛ қорғаушыларының арасында бір маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд «Эвертон» намысын қорғаған Энди Хинчклифф (1994/95) және Лейтон Бэйнстерге (2010/11) тиесілі еді. Олар АПЛ-де бір маусымда 11 голдық пас берген.