Лозанна-2020: Қазақстандық шаңғышылардың нәтижесі қандай?

0
683

Ерлер арасындағы бәсекеде Эдвин Ангеруға (Швеция) тең келер спортшы болмады.


Лозанна-2020: Қазақстандық шаңғышылардың нәтижесі қандай?

ERNUR.KZ. Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринттен еркін стиль бойынша сайыстар өтті, деп жазады оlympic.kz.

Қыздар арасындағы бәсекеде Аиша Рақышева 32-ші нәтижеге қол жеткізді. Ал Валерия Батченко 45-ші болды. Аталған сын бойынша Сири Виггер (Швейцария) жеңімпаз атанса, Анна Хегген (Норвегия) екінші орыннан көрінді. Швециялық Марта Росенберг болса үздік үштікті қорытындылады.
Ерлер арасындағы бәсекеде Эдвин Ангеруға (Швеция) тең келер спортшы болмады. Николай Холме (Норвегия) күміспен күптелсе, Александр Холмбе (Норвегия) болса қолаға қол жеткізді.
Қазақстандық Ильяс Исабек пен Дидар Қасенов 37 және 51-ші орындардан табылды.

«Мен жарысты қатты қиын болды деп айта алмаймын. Трасса өте жақсы дайындалған. Кешегіге қарағанда бүгін әлдеқайда жақсы болды. Кешегі бәсекеге келер болсақ, өте сәтсіз болды деуге болады. Бүгін жақсырақ. Оның үстіне, бұл біздің ауқымды алғашқы жарысымыз. Соған қарамастан ешқандай қобалжу жоқ. Тағы бір қоса кететіні, шаңғы да жақсы жұмыс істеп жатыр. Басқа бәсекелерде барымызды салуға тырысамыз», - дейді Батченко.

Бөлісу