Майк Тайсонның бапкері қазақстандық нокаутшыны жаттықтырады

0
974

Америкалық маман бұрын өзі де екі дүркін әлем чемпионы болған.


Майк Тайсонның бапкері қазақстандық нокаутшыны жаттықтырады

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) Майк Тайсонның бұрынғы бапкерімен жаттыға бастады, деп жазады Qsport.kz.

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық боксшы атақты бапкер Бадди МакГирт қол астында жаттығып жатыр. Америкалық маман бұрын өзі де екі дүркін әлем чемпионы болған және бір кездері Майк Тайсонды баптаған. Әшкеев соңғы жекпе-жегін Калифорния штатындағы Сант-Инес қаласында өткен бокс кешінде өткізіп, пуэрторикалық Луис Эрнандесті төрешілер шешімімен жеңді.

Айта кетейік, Бади МакГрит былтыр шілдеден бастап орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (5-0, 2 КО) жұмыс істеп келеді. Жәнібекті АҚШ-та өткізген екі жекпе-жегіне де осы бапкер дайындаған.