МакГрегор Нурмагомедовтың жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

0
668

Ирландиялық спортшы мәлімдемесін әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.


МакГрегор Нурмагомедовтың жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Ирландиялық аралас жекпе-жектің жұлдызы, UFC экс-чемпионы Конор Макгрегор Twitter желісіндегі парақшасында Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабидегі UFC 242-де Дастин Порьяны жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мәскеудегі менің реваншымды брондаңыздар", - деп жазды ирландиялық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, ресейлік аралас жекпе-жектің спортшысы Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде UFC 242 турнирінде әлем чемпионы атағы үшін титулдық кездесуде америкалық Дастин Порьені жеңді. Бес раундқа есептелген жеңіл салмақтағы UFC чемпионы мен ұйымның уақытша чемпионы арасындағы жекпе-жек үш раундқа ғана созылды.