«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатысады

0
590

Қыста УЕФА «Манчестер Сити» клубы қаржылық алаяқтық жасап, шығындарын жасыру үшін демеушілік келісім-шарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып көрсеткенін хабарлаған болатын.


«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасына қатысады

ERNUR.KZ. Спорт төрелік соты (CAS) «Манчестер Ситидің» апелляциялық шағымын қанағаттандырып, УЕФА-ның «қалалықтарды» еурокубоктардан екі маусымға шеттету туралы шешімінің күшін жойды, деп жазады Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қыста УЕФА «Манчестер Сити» клубы қаржылық алаяқтық жасап, шығындарын жасыру үшін демеушілік келісім-шарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып көрсеткенін хабарлаған болатын.

Осы әркеті үшін шенеуніктер англиялық команданы 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына қатысудан шеттетіп, 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салуға шешім қабылдаған болатын.

Осыдан кейін «Манчестер Сити» апелляциялық шағым түсірді. Олардың шағымы ішінара орындалып отыр. Енді «Қалалықтар» еуропалық жарыстарға қатыса алады. Бірақ 10 миллион еуро айыппұл төлеуге тура келеді.