«Манчестер Юнайтед» жаттығуға келмеген шабуылшыға 435 мың еуро айыппұл салды

0
783

Бұл – осындай тәртіп бұзушылық үшін салынатын ең жоғары мөлшердегі айыппұл.


«Манчестер Юнайтед» жаттығуға келмеген шабуылшыға 435 мың еуро айыппұл салды

ERNUR.KZ. «Манчестер Юнайтед» басшылығы команданың бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукакуды жаттығу базасына келмегені үшін жазалады, деп жазады ҚазАқпарат.

4 тамыз күні Ромелу 2009-2011 жылы өзі ойнаған «Андерлехта» клубының базасынан көрініп қалды. Келесі күні бельгиялық футболшы «қызыл сойқандардың» жаттығуына келуге міндетті болған. Клуб Лукакадан түсінік беруін талап етті, әзірге жауап ала алған жоқ. Жаза ретінде футболшыға 435 мың еуро айыппұл салынды. Бұл – осындай тәртіп бұзушылық үшін салынатын ең жоғары мөлшердегі айыппұл.