Мансабындағы мыңыншы матчын өткізген Роналду кезекті рекордына қол жеткізді

0
751

Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды.


Мансабындағы мыңыншы матчын өткізген Роналду кезекті рекордына қол жеткізді

ERNUR.KZ. Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордына қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлемге әйгілі футболшы Италия чемпионатының 25-ші турында кәсіби мансабындағы мыңыншы ойынын өткізді.

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы айтулы күнде СПАЛ қақпашысынан айласын асырып, командасының жеңісіне үлесін қосты.

Оның бұл добы Роналдудың кезекті рекордын тіркеді.

Криштану Серия А-да 11 ойын бойы үздіксіз гол соққан үшінші футболшы атанды. Осыған дейін бұл нәтижені Габриэль Батистута мен Фабио Квальярелла тіркеген.