Марадонаның өлім алдындағы соңғы сөздері жарияланды

0
591

25 қарашада таңертең Марадона өңі бозарып, тоңып оянған.


Марадонаның өлім алдындағы соңғы сөздері жарияланды

ERNUR.KZ. Британдық Mirror басылымы аргентиналық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып Диего Марадонаның қайтыс болар алдында не айтқанын жария етті, деп жазады Prosports.kz.

25 қарашада таңертең Марадона өңі бозарып, тоңып оянған. Алайда ол таңғы асты ішіп үлгерген, содан кейін немере інісі Джонни Эспозитоға: «Me siento mal» («Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын») деп төсегіне жатқан.

Жақында ғана ауруханадан шыққан Марадонаға күтім жасап жүрген медбике жедел жәрдем шақырыпты. Алайда келген бірнеше медициналық бригада футболшының тынысы тарылғанын анықтаған.

Аты аңызға айналған спортшы жергілікті уақыт бойынша 12:00-де жүрегі тоқтап қайтыс болды.