​Мария Шарапова маусымды аяқтады

0
1 120

Мария ағымдағы айда US Open турнирінде бақ сынап, 4 – айналымда есе жіберген болатын. Осылайша ол жыл соңына дейін өтетін Бейжинг, Мәскеу және Тяньзинде ұйымдастырылатын турнирлерде қатыспайды.


​Мария Шарапова маусымды аяқтады

Теннистен әлемнің 24 – ракеткасы ресейлік Мария Шарапова 2018 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға шешім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Мария ағымдағы айда US Open турнирінде бақ сынап, 4 – айналымда есе жіберген болатын. Осылайша ол жыл соңына дейін өтетін Бейжинг, Мәскеу және Тяньзинде ұйымдастырылатын турнирлерде қатыспайды. Мария 2019 жылдың қаңтар айында Қытайдың Шэньчжен қаласында өтетін жарыста кортқа оралуды жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 31 жастағы Шарапова 2016 – 2017 жылғы допинг дауынан соң биыл толық маусымда кортқа шықты.