Марокко футболшылары чемпионаттағы сыйақыларын кедей отбасыларға үлестіреді

0
587

Марокколықтар мундиалда өнер көрсеткені үшін 25 миллион доллар тапты.


Марокко футболшылары чемпионаттағы сыйақыларын кедей отбасыларға үлестіреді

ERNUR.KZ. Журналист Халид Бейдун Марокко құрамасының футболшылары Катардағы 2022 жылғы Әлем чемпионатынан алған жүлдесін кедей отбасыларға беретінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Марокколықтар мундиалда өнер көрсеткені үшін 25 миллион доллар тапты. Бұл қаражатты команда өз еліндегі кедей балалар мен отбасыларға беруді шешті.

Марокколықтар – әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық және араб командасы. Финалдың 1/8 кезеңінде Марокко құрамасы матчтан кейінгі пенальти сериясында испандықтарды жеңді. Команда төртінші орынға ие болды.