"Машина сияқты". Америкалық сарапшы Головкиннің жаттығуына тамсанды

0
735

GGG легрінен видео жариялады.


ERNUR.KZ. Америкалық talkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бабына өз бағасын берді, - деп жазады Vesti.kz.

Кеше GGG жаттығуларының видеосын жариялаған. Мұны көрген америкалық журналист боксшыға тамсанды.

"Геннадий Головкин 38 жасында да машина сияқты", - деп жазыпты Бенсон твиттер желісінде.

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегін күзде АҚШ-та өткізеді. Ол IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.