Мбаппе Еуропаның ең мықты ойыншысы атанды

0
582

Еуропаның 2022 жылдағы ең мықты ойыншысы атанды.


Мбаппе Еуропаның ең мықты ойыншысы атанды

ERNUR.KZ. Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) тұжырымы бойынша Еуропаның 2022 жылдағы ең мықты ойыншысы атанды, деп жазады vesti.kz.

Ұйымның құрған символикалық құрамасы мынадай:

қақпашы: Тибо Куртуа ("Реал", Бельгия құрамасы);

қорғаушылар: Тео Эрнандес ("Милан", Франция құрамасы), Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль", Нидерланды құрамасы), Йошко Гвардиол ("Лейпциг", Хорватия құрамасы), Дензел Думфрис ("Интер", Нидерланды құрамасы);

жартылай қоғаушылар: Антуан Гризман ("Атлетико", Франция), Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити", Бельгия құрамасы), Лука Модрич ("Реал", Хорватия құрамасы);

шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция құрамасы), Карим Бензема ("Реал", Франция құрамасы), Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия құрамасы).