Мбаппе Нұр-Cұлтанға ұшып келді

0
2 183

Франция Қазақстанмен болатын кездесуге әлемдегі ең қымбат ойыншыны алып келді.


Мбаппе Нұр-Cұлтанға ұшып келді

ERNUR.KZ. Футболдан қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасы Қазақстанға ұшып келді, деп жазады Vesti.kz.

28 наурызда Франция құрамасы "Әлем чемпионаты - 2022" іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын өткізеді. Елордаға команданың барлық жұлдызды ойыншысы, соның ішінде ПСЖ-дан Киллиан Мбаппе, "Барселонадан" Антуан Гризманн және "Манчестер Юнайтедтен" Пол Погба келді. Олар да Қазақстан құрамасына қарсы матчте өнер көрсетеді.



Ойын 28 наурызда сағат 19.00-де көрермендерсіз өтеді. Оны Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгін, 27 наурызда Франция құрамасы матч қарсаңында "Астана Аренада" жаттығу өткізеді.