Мексикалық қақпашы өз алаңынан гол салды

0
752

Ойын 3:1 есебімен "Чивас Гвадалахар" пайдасына шешілді.


Мексикалық қақпашы өз алаңынан гол салды

ERNUR.KZ. Мексикалық "Чивас Гвадалахар" клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды, деп жазады Тengrinews.kz.

Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында "Чивас" "Веракрусқа" қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды.

94-минутта "Чивас" қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен "Веракрус" қақпашысы допқа үлгермеген.

Осылайша ойын 3:1 есебімен "Чивас Гвадалахар" пайдасына шешілді.