​Месси Әлем чемпионатына дайын. Гаити қақпасына 3 гол соқты

0
1 123

Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте Гаити командасына қарсы жолдастық кездесуі өткізді.


​Месси Әлем чемпионатына дайын. Гаити қақпасына 3 гол соқты

ERNUR.KZ. Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте Гаити командасына қарсы жолдастық кездесуі өткізді.

"Альберто Армандо" стадионында өткен матчта Лионель Месси қарсыластарының қақпасына 3 гол соқты және бір голдың соғылуына көмек берді. Осылайша Аргентина құрама командасы 4:0 есебімен жеңіске жетіп, Әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Естеріңізге сала кетсек, Ресейде әлем чемпионаты 14 маусымнан 15 шілдеге дейін өтеді. Аргентина құрама командасы топтық кезеңде Исландия (16 маусым), Хорватия (21 маусым) және Нигерияға (26 маусым) қарсы ойын өткізеді.

Өзге жолдастық кездесулердің нәтижелері мынадай:

Косово - Албания - 3:0

Перу - Шотландия - 2:0

Әзербайжан - Қырғызстан - 3:0

Панама - Солтүстік Ирландия - 0:0

Армения - Мальта - 1:1