Месси мен Роналду әлемдегі ең қымбат 10 ойыншының қатарына кіре алмады

0
759

​Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған тізімін жариялады.


Месси мен Роналду әлемдегі ең қымбат 10 ойыншының қатарына кіре алмады

ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдік экономикалық құлдырау ойыншылар бағасының төмендеуіне әкелді. Әлемдегі ең қымбат футболшы атағын француздық «ПСЖ» командасында ойнайтын Килиан Мбаппе сақтап қалды, бірақ оның бағасы 6 миллион еуроға төмендеді. Месси 21-ші, Криштиану 70-ші орыннан көрінді, деп жазады prosports.kz.

Лионель Месси 100 млн еуроға бағаланса, Роналдудың бағасы 62 млн еуроға түсті. Әлемдегі ең қымбат 10 ойыншының тізімі:

Килиан Мбаппе, «ПСЖ» (259,2 млн еуро);

Рахим Стерлинг, «Манчестер Сити» (194 млн еуро);

Джейдон Санчо, «Боруссия» (179 млн еуро);

Трент Александер-Арнольд, «Ливерпуль» (172 млн еуро);

Маркус Рэшфорд, «Манчестер Юнайтед» (152 млн еуро);

Мохамед Салах, «Ливерпуль» (144 млн еуро);

Садио Мане, «Ливерпуль» (139 млн еуро);

Антуан Гризманн, «Барселона» (136 млн еуро);

Альфонсо Дэвис, «Бавария» (133 млн еуро);

Харри Кейн, «Тоттенхэм» (118 млн еуро).