Месси Роналдудың рекордын қайталады

0
742

Бір жылда 40 гол көрсеткішіне Месси карьерасында он екінші рет жетіп отыр.


Месси Роналдудың рекордын қайталады

ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі "РБ Лейпцигпен" мачте (3:2) дубль жасады, деп жазады vesti.kz.

Gracenote Live мәліметінше, "Лейпциг" аргентиналық ойыншы Чемпиондар лигасында гол салған 37-ші команда болды.

Месси – бұл көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдумен теңдесті, португалиялық та 37 түрлі клубқа гол салған.

34 жастағы аргентиналық 2021 жылы "Барселона", "ПСЖ" және Аргентина құрамасы үшін 39 және 40-шы голын салды. Сонымен қоса, ол 14 нәтижелі пас берді.

Бір жылда 40 гол көрсеткішіне Месси карьерасында он екінші рет жетіп отыр. Ал оны жеке рекорды – 91 гол, бұл 2012 жылы еді.