Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады

0
758

Қытайдың Sinovac фармацевтикалық фирмасымен тиісті келісім жасалды.


Месси үш жейдесін 50 мың вакцина дозасына айырбастады

ERNUR.KZ. Аргентина құрамасының көшбасшысы Оңтүстік Америкадағы барлық футболшылардың вакцина алуы үшін жағдай жасауда, бірақ оның бұл бастамасы көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Хабар24.

«Барселона» мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси COVID-19-ға қарсы 50 мың екпені барлық оңтүстікамерикалық футболшылар үшін сатып алып бермек. Алғашқы партия Аргентинадағы 26 футбол клубына жеткізілген.

Қытайдың Sinovac фармацевтикалық фирмасымен тиісті келісім жасалды. Ол үшін Месси компанияға өзінің қолы қойылған үш жейдесін сыйға тартты.

Леоға келісім жасасуға Уругвай президенті Альберто Локалле көмектескен. Жұқтырғандар саны бойынша алда тұрған мемлекеттің халқы президенттің бұл тірлігіне ашулы. Уругвайлықтар бай футболшыларды емес, алдымен қорғалмаған тұрғындарды вакциналау керек дегенді алға тартады. Бұл пікірге аргентиналықтар да қосылды.