​Месси үшін Әлем чемпионаты аяқталды ма?

0
2 141

Ойында Леонель Месси пенальтиден гол соға алмады.


​Месси үшін Әлем чемпионаты аяқталды ма?

ERNUR.KZ Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатында сенсация тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"D" тобында Аргентина мен Хорватия құрама командалары Нижний Новгород қаласындағы кездесті. Матчты мундиалдың рекордшысы өзбекстандық Равшан Ирматов басқарды.

Аргентина құрама командасы 1 – турда Исландиямен 1:1 есебімен тең ойнап сынға қалған болатын. Ойында Леонель Месси пенальтиден гол соға алмады.

Хорватия мен өткен матчта «Барселона» футболшысының командасына ұпай алып береді деген пікірлер айтылды. Бірақ, Мессиді қолдап қуаттап пас жеткізетін әріптестері табылмады. Нәтижесінде Месси айтулы матчта гол соға алмады. Хорватиялықтар кездесуде қарсыластарының гол соғуына мүмкіндік бермеді. Матчтың кульминациясы 53 – минутта орын алды. Аргентиналықтар қақпашысы Вильфредо Кабальеро күтпеген жерден қателікке бой алдырып, допты алдында тұрған Анте Рибичтің аяғына тастап берді. Хорватиялық футболшы мүмкіндіктен пайдаланып, қарсыластарын жазалады – 1:0.

80 – минутта қарымта шабуылдан соң Лука Модрич тамаша голмен жауап берді. Кездесудің соңғы минутында Иван Рикитич Аргентина құрама командасының қақпасына үшінші голды соғып, командасына 3:0 есебіндегі жеңісті сыйлады.

Осылайша Хорватия құрама командасы 6 ұпай мен 1/8 финалға жолдама алды. Ал, Аргентинаның плей – оффқа шығу мүмкіндігі төмендеп кетті.

Олардың тағдыры 22 маусым күні өтетін Нигерия – Исландия матчына байланысты болып қалды.