Моуриньо "Реал" бапкеріне үндеу жариялады

0
462

Чемпиондар Лигасының финалында "Реал" мен "Ливерпуль" 28-мамырда Париждегі "Стад де Франста" кездеседі.


 Моуриньо

ERNUR.KZ. 59 жастағы Жозе Моуриньо өзі жаттықтыратын "Рома" командасы Конференция Лигасының финалына шыққан соң "Реал" бапкері Карло Анчелоттиге қарата үндеу жариялады, деп жазады Vesti.kz.

"Менің ұлы досым Карлеттоға (ред. Карло Анчелотти) сәлем жолдаймын! Екеуміз екі жақтап финалда жеңіске жетейік", - дейді Моуриньо Football Italia арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының финалында "Реал" мен "Ливерпуль" 28-мамырда Париждегі "Стад де Франста" кездессе, 25-мамыр күні Конференция Лигасының финалында "Рома" мен "Фейеноорд" өзара мықтыны анықтайды.