Неймардың Барселонаға барғысы келіп жүр

0
1 269

Бұған себеп Неймарға қазіргі командасында Кавани мен Мбаппенің ПСЖның жетекші футболшысы болып жатқаны ұнамаған.


Неймардың Барселонаға барғысы келіп жүр

Францияның "Пари Сен Жермен" клубының ойыншысы Неймар "Барселонаға" оралғысы келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

26 жастағы бразилиялық шабуылшысы "Барселона" командасының басшыларына өзінің қайта сатып алуларын сұраған. Бұған себеп Неймарға қазіргі командасында Кавани мен Мбаппенің ПСЖның жетекші футболшысы болып жатқаны ұнамаған. Сонымен қатар, Франция чемпионатындағы командалардың футболшылары қасақана Неймарға қарсы ойын тəртібін бұзады екен.
Өз кезегінде Каталония клубының басшылары команданың құрамына мықты футболшыларды алғанын, Неймардың командадағы маңызы жоқ екендігін жеткізген.