Нұр-Сұлтанда үстел теннисі фестивалі басталды

0
2 372

Қала күніне орайластырылған дәстүрлі жарысқа биыл мыңға жуық спортшы қатысады.


Нұр-Сұлтанда үстел теннисі фестивалі басталды

ERNUR.KZ. Елордада алдағы екі күнде «үздік ракетка» анықталады. Бүгін бас қалада үстел теннисі фестивалі басталды, деп жазады «Хабар 24».

Қала күніне орайластырылған дәстүрлі жарысқа биыл мыңға жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның теннисшілері де бар. Ең жас қатысушы мектеп оқушысы болса, ең үлкені зейнеттегі азамат. Байрақты бәскеде бірнеше номинация сарапқа салынып отыр. Дүбірлі додада кәсіпқой мен әуесқой теннисшілер бақтарын сынауда.

- Тенниссіз өмір сүре алмаймын. Бір ойнаған адам екінші рет тастай алмайды екен ойынды. Астанадағы фестивальге бірінші рет келіп отырмын. Барлық адамдарды танимын. Қазақстан чемпионатына барып жүрген. Соларды көріп, ұуанып отырмыз. Осындай жарыстар көп болсын деп отырмын, - дейді ойынға қатысушы Нартай Түлбасиев.