Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің күмісін иеленді

0
1 168

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды.


Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия біріншілігінің күмісін иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы турнирдің күміс медалін жеңіп алды деп жазады olympic.kz.

Нұрғиса 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 372 (169+203) келіні бағындырған. Бұл салмақтағы бәсекеде ирандық Киануш Ростами (373 келі) жеңіске жетті. Өзбекстандық Шарварбек Зафарджанов (368 келі) қола жүлдегер қатарында.