Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлем чемпионы атанды

0
1 084

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.


Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші күні Нұрқанат Серікбаев жеңімпаз атанды. 50 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген ол ел қоржынына алғашқы алтынды салды, деп жазады baq.kz.

Кеше басталған байрақты бәсекеде ол финалда Еуропа чемпионы франциялық Ромен Валадьеден басым түсті. Нұрқанат әлем чемпионатында 4 кездесу өткізіп, төртеуін де уақытынан бұрын жеңген. Дәл осы салмақта үшінші орынды грузиялық Ника Бачиашвили мен украиналық Микита Холобородько еншіледі.

Сонымен қатар, қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлима Жұмағалиева қола жүлдегер атанды. Бұл салмақ дәрежесінде венгриялық Лука Мамира алтын жүлдегер атанса, күмісті италиялық Кьяра Диспенза, қоланы франциялық Паулина Кук еншіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің 64 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысуда.

Қазақстан құрамасы жарыстың бірінші күнінде 1 алтын, 1 қола жүлдеменн бейресми медаль кестесінде көш бастап тұр.