​Оқ ату спортынан шымкенттік спортшы медаль алды

0
969

«ПП3» жаттығуы бойынша қазақстандық мергендер Никита Чирюкин (Шымкент), Эльдар Иманқұлов (Алматы), Ярослав Махнев (Алматы) 3 – орынды иеленді.


​Оқ ату спортынан шымкенттік спортшы медаль алды

2018 жылдың 2 – 12 қараша күндері Кувейттің Аль – Кувейт қаласында стенд атудан VIII – Азия ойындары өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайыстың аяқталуына үш күн қалғанда қыздар арасында алматылық Әсем Орынбай «Айналма стенд» атудан екінші орынды иеленіп, Қазақстан құрама командасының қоржынына күміс медалін түсірді. Ал, «Айналма стенд» бойынша командалық есепте Қазақстан құрама командасының атынан Ольга Панарина, Ангелина Мищук және Әсем Орынбайлар 3 – орыннан көрінді.
Сонымен қатар Кувейтте оқ атудан XI – Азия чемпионаты да жалғасуда. Онда шымкенттік спортшылар медалға ие болды. «ПП3» жаттығуы бойынша қазақстандық мергендер Никита Чирюкин (Шымкент), Эльдар Иманқұлов (Алматы), Ярослав Махнев (Алматы) 3 – орынды иеленді.